Көкшетауда сурдо шаңғы жарысынан ел біріншілігі өтті

Көкшетауда сурдо шаңғы жарысынан ел біріншілігі өтті

25-27 ақпан аралығында Көкшетау қаласында есту қабілеті зақымдалған спортшылар арасында сурдо шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл жарысқа ерлер 1,5 км және 10 км бойынша, ал әйелдер 1,5 км және 1,3 км қашықтықта сынға түсті. Чемпионаттың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды Ақмола облысы, екінші орынды Солтүстік Қазақстан облысы, үшінші орынды Павлодар облысы иеленді. Жарыстың нәтижелері бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізген спортшылар ұлттық құрамаға іріктеледі. Айта кетейік, чемпионатқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстары мен Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласының  командалар қатысты.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары