11-ші қарашада, Астана қаласындағы «Арғымақ» ат спорт-кешенінде тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара ат спортынан ел чемпионаты өтті. Чемпионат пара гран при, нови сад, пара ат спортынан мәнерлеп жүру мен фристайл дисциплиналары бойынша өнер көрсетті.
«Пара ат спортында спортшыларға спорттық класс емес, спорттық деңгей беріледі. Дене мүмкіндіктерінің ерекшеліктері мен зақымдану дәрежесіне қарай спортшылар 1-5 деңгей аралығында өнер көрсетеді.1-3 деңгейдегі спортшылардың тірек-қимыл аппараты күрделі дәрежеде зақымданған, ал 4-5 деңгейдегілерде орташа және жеңіл зақымданулар болады. Оған қоса, 1-3 деңгейдегі спортшылар жарыста 20х40 м , ал 4-5 деңгейдегілер 20х60 м шаршы алаңда сынға түседі»,-деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара ат спортынан аға-жаттықтырушы Екатерина Метай.
Жарыс нәтижесі бойынша:
Пара ат спортындағы гран при деңгейі:
Нұрмұхамед Қорганбеков – 1 орын (Астана қ)
Сұлтан Жасыбай – 2 орын (Ақтөбе обл)
Айдос Жылкышинов – 3 орын (Алматы обл)
Елена Шишаева – 1 орын (ШҚО)
Ринат Бектурсунов – 2 орын (ШҚО)
Назлы Амиркумарова – 1 орын (ШҚО)
Исанов Алмас – 2 орын (ШҚО)
Пара ат спортындағы фристайл деңгейі:
Елена Шишаева – 1 орын (ШҚО)
Ринат Бектурсунов – 2 орын (ШҚО)
Райхан Баирканова – 1 орын (ШҚО)
Алмас Исанов – 2 орын (ШҚО)
Айғаным Ермекова – 3 орын (ШҚО)
Пара ат спортындағы нови сад деңгейі:
Сұлтан Жасыбай – 1 орын (Ақтөбе обл)
Айдос Жылкышинов – 2 орын (Алматы обл)
Исмаил Кайхаров – 1 орын (ШҚО)
Артем Терлецкий – 2 орын (ШҚО)
Ахмад Биләл – 1 орын (Астана қ.)
Назлы Амиркумарова – 1 орын (ШҚО)
Арыстан Сабиткан – 2 орын (ШҚО)
Нурдана Ахмедова – 3 орын (Астана қ)
Пара ат спортынан мәнерлер жүру деңгейі:
Владимир Воронин – 1 орын (Қарағанды обл)
Айта кетейік, жарысқа Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облысы мен Астана қаласының спортшылары қатысты.