Бүгін, 27-ші қарашада Бахрейннің Манама қаласында пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионатында Тұрсынай Қабыл 41 келіге дейінгі салмақта 100 кг бағындырып, алтын медаль иеленді.
Сондай-ақ, жарыстағы үш тәсілдің қосындысы бойынша 297 ұпай жинап, жалпы есепте де қарсыластарынан басым түсті. Екінші орынды түркиялық Рейхан Полат (272 кг) келі, үшінші орынды ресейлік Татьяна Жаворонкова (273 кг) алды.
Айта кетсек, Бахрейнде өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында елімізден 23 атлет бақ сынауда. Жарыстар 2-ші жетоқсанға дейін жалғасады. Алдыда жекелей, жұптық және аралас жұптық командалық жарыстар өтеді.