Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Корея Республикасының Муджу қаласында пара таеквондодан Әлем чемпионатында қазақстандық Малик Мұқашев К41 классында 80 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Екінші орынды Саид Сабах Хамид Аль-Фаххам (Ирак), ал үшінші орынды Яшар Сами Гокбаба  (Түркия) алды.  

Бұдан бөлек, аталмыш додада К41 классында Қайырғали Юсупбеков 63 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдені еншіледі.

Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара таеквондодан Әлем чемпионаты 20-22 қараша аралығында өтті. Жарысқа әлемнің 60 елінен 240-тан астам спортшы қатысты.

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары