Астанада  паравелопорттан ел біріншілігі басталды

Астанада паравелопорттан ел біріншілігі басталды

Бүгін, 20-шы қарашада Астана қаласындағы пара велоспорттан тректегі ел біріншілігі басталды.

Жарыс тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында І, В, С класстары арасында өтуде. Спортшылар 200 м спринт,  4000 м із қуу дисциплинасы мен 1000 м жекелей сында және  750 м командалық спринтте өнер көрсетеді. Шараның ашулы салтанатына пара велоспорт федерациясының вице-президенті Кенжеғұл Сейітжан, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нүргүл Тау және Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Болатбек Дукетаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. 

"Бүгін чемпионатқа  еліміздің 6 өңірінен 50-ге жуық спортшылар келді.  Қазіргі уақытта  пара велоспорт  Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқандығы қуантады. Осы дамудың жемісі — жуырда  Жапонияда өткен V  Азия Пара ойындары. Аталмыш бәсекеде спортшыларымыз  4 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль олжалап, жалпы есепте Азияның үздіктері қатарынан көрінді. Мен әрқайсыңыздың осы жетістікке жете алатындарыңызға сенемін. Бүгінгі жарыста төрешілерге — әділ төрелік, жанкүйерлерге — әдемі жарыс тілеймін!",-деді Болатбек Дукетаев.

Айта кетейік, пара велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты 23-ші қарашаға дейін жалғасады. Жарысқа Абай, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда облысы мен Астана және Алматы  қалаларының спортшылары қатысуда. 

Астанада  паравелопорттан ел біріншілігі басталды Астанада  паравелопорттан ел біріншілігі басталды Астанада  паравелопорттан ел біріншілігі басталды

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары