Қазақстандық спортшылар  кёрлингтен халықаралық жарыстың жүлдегерлері атанды

Қазақстандық спортшылар кёрлингтен халықаралық жарыстың жүлдегерлері атанды

Дене мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында ТМД елдерінің І қысқы Спартакиадасында қазақстандық спортшылар сурдо кёрлингтен күміс жүлдеге ие болды. Бірінші орынды Ресей, ал үшінші орынды Башқұртстан командасы алды.Аталған жарыс тірек-қимыл аппараты, көру және есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында тау шаңғысы, шаңғы жарысы, сноуборд, кёрлинг және шахмат спорт түрлері бойынша ұйымдастырылды. «Бұл додада Қазақстан тарапынан кёрлингтен ерлер құрамасында Бауыржан Жұмабай, Аңсар Сейсен, Азамат Серікбай және Антон Степанов өнер көрсетті. Спортшыларымыз үшін алғашқы халықаралық жарыс болғанына қарамастан, жүлделі орынға ие болғаны қуантады. Осы бәсеке команданың тәжірибе жинақтауына үлкен мүмкіндік болды», - деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Арман Амренов.  Айта кетейік, жарыс 14-20 желтоқсан аралығында Уфада (Башқұртстан) өтуде. Спартакиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресей мемлекеттерінен 100-ге жуық спортшы қатысуда.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары