Өткен жексенбіде Витебск қаласында есту қабілеті нашар спортшылар арасында еркін және грек-рим күресінен Беларусияның ашық чемпионаты аяқталды. Оған 100-ден астам спортшы қатысты. Аға жаттықтырушы Ерназар Қонысбаев бастаған еркін күрестен қазақстандық палуандар чемпионаттың 8 салмақ дәрежесінде 6 алтын, 7 күміс және 1 қола медальді жеңіп алды. Еркін күрестен балуандардың нәтижелері: 57 кг салмақ дәрежесінде: 1 орын – Бөкеев Нұрмұхан; 2 орын – Далабай Рысбек; 3 орын – Данен Қазбек. 61 кг салмақ дәрежесінде: 1 орын - Балташев Алдияр; 2 орын-Рахатбекұлы Фархат. 65 кг салмақ дәрежесінде: 1 орын-Пернеш Шадияр; 2 орын-Кокамбаев Жан. 70 кг салмақ дәрежесінде: 1 орын-Рсалы Сабыржан; 2 орын-Ансабек Рауан; 74 кг салмақ дәрежесінде: 2 орын-Игенбай Ғабит. 79 кг салмақ дәрежесінде: 2 орын - Досжанов Абзал. 86 кг салмақ дәрежесінде: 1 орын-алдибаев Шингисхан. 92 кг салмақ дәрежесінде: 1 орын – Малайдар Бексұлтан; 2 орын Амангелді Нұргелді. Сондай-ақ грек-рим күресінен қазақстандық спортшылар үздік өнер көрсетіп, жеңіске жетті. Балуандар өз шеберліктерін дәлелдеп, 7 салмақ дәрежесінде 5 алтын, 5 күміс және 1 қола медальды жеңіп алды. Балуандарды еңбек сіңірген жаттықтырушы Ерлан Мұқажанов басқарды. Грек-рим күресінен балуандар келесідей өнер көрсетті: 55 кг салмақ дәрежесінде: 1 орын - Далабай Рысбек; 2 орын-Данен Қазыбек; 3 орын – Бөкеев Нұрмұхан. 60 кг салмақ дәрежесінде: 1 орын-Тәңірберген Ерсұлтан; 2 орын-Рахатбекұлы Фархат. 63 кг салмақ дәрежесінде: 1 орын-Орманов Абылайхан; 2 орын-Балташев Данияр. 63 кг салмақ дәрежесінде: 1 орын – Ансабек Рауан. 72 кг салмақ дәрежесінде: 1 орын – Игенбай Ғабит. 77 кг салмақ дәрежесінде: 2 орын - Досжанов Абзал. 92 кг салмақ дәрежесінде: 2 орын-Малайдар Бексұлтан.