7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының (бұдан әрі - Орталық) әйелдер ұжымы ер азаматтарды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтады. Шара барысында Орталық директорының міндетін атқарушы Ляззат Құдайбергенова сөз сөйлеп, тілегін білдірді. «Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – ерлік пен елге адал қызмет етудің, қайсарлық пен патриоттық рухтың нышаны. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас күш-жігер, отбасыңызға амандық пен береке тілеймін. Еңбектеріңіз жана берсін, елге қызмет етуден шаршамаңыздар»- деді Ляззат Көпжасарқызы.  Іс-шара мерекелік бағдарламамен жалғасып, орталық қызметкерлері ерлер қауымына арнап ән-шашу тарту етіп, түрлі викториналар ұйымдастырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары