Алматы қаласындағы көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында футбол 5х5-тен Қазақстан Республикасы чемпионатының ІІІ-ші кезеңі өз мәрсесіне жетті. Жарыста бірінші орынды Жамбыл облысы (52 ұпай), екінші орынды Алматы қаласы (51 ұпай) және үшінші орынды Алматы облысының (49 ұпай) командасы алды.
«Жарыс айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылды. Жеңімпаз әрі жүлдегер командалар үш кезеңнің қорытынды ұпайлар саны бойынша анықталды. Бұған бірінші кезеңі 6-11 сәуір аралығында Жамбыл облысында, екінші кезеңі 15-20 маусым аралығында Түркістан облысында өтті. Чемпионатта үздік өнер көрсеткен спортшылар Қазақстан ұлттық командасының қатарына жасақталатын болады.Алдағы уақытта спортшыларымыз 2-4 қазан аралығында Прага қаласында өтетін халықаралық турнирде бақ сынайды. Осы бәсекеде спортшыларымыз жоғары нәтижеге қола жеткізеді деген үміттеміз»,-деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының футбол 5х5-тен команда басшысы Мұхтар Танаш.
Айта кетейік, футбол 5х5-тен Қазақстан Республикасы чемпионаты 15-19 қыркүйек аралығында өтті. Ел біріншілігіне Алматы, Астана және Шымкент қалалары мен Алматы, Түркістан, Жамбыл, Атырау және Ақмола облысының командалары қатысты.