Алматыда пара пауэрлифтингтен ел біріншілігі өтеді

Алматыда пара пауэрлифтингтен ел біріншілігі өтеді

12 – 15  қараша  аралығында Алматы қаласында  тірек – қимыл аппараты және көру мүшесі зақымдалған ересектер арасында пара пауэрлифтингтен  Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Дене мүмкіндіктері шектеулі спортшылар келесі салмақ дәрежелері бойынша сынға түседі: тірек – қимыл аппараты зақымдалған спортшылар :

  • ерлер 49 кг,54 кг ,59 кг,65 кг ,72 кг ,80кг ,88 кг ,97 кг ,107 кг, +107 кг;
  • әйелдер 41 кг , 45 кг , 50к г, 55 кг , 61 кг , 67 кг , 73 кг, 79 кг , 86 кг, +86 кг .

көру мүшесі зақымдалған споортшылар:

  • ерлер 56 кг , 60 кг , 67.5, 75, 82.5, 90, 100, 110, 125, +125
  • әйелдер 48 кг , 52 кг , 56 кг , 60 кг , 67.5 кг , 75 кг , 82.5 кг , 90 кг , +90 кг салмақ

Ел біріншілігіне еліміздің 18 өңірінен,  130  – ға  жуық пара  спортшылар  қатысады. Жарыстың ашылу салтанаты 12 – ші қараша күні   сағат 11:00 – де Алматы қаласының спорттық – жаттығу кешенінде өтеді (Абай даңғылы, 159) Қатысушылардың қатарында Паралимпиада ойындарының Раушан Койшибаева, Рахметжан Хамаев және Станислав Шакиев те   бар.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары