Алматыда пара пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

Алматыда пара пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

Алматыда 12-15 қараша аралығында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында пара пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 18 өңірінен 130-ға жуық спортшы қатысты. «Пара пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты жоғарғы деңгейде өтті. Спортшыларымыздың саны өсіп, біліктілігінің артқандығын атап өтуге болады. Чемпионаттың нәтижесі бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар алдағы уақытта ұлттық құрамаға іріктеледі», – дейді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға  арналған спорттық даярлау орталығынының пара пауэрлифтингтен  команда бастығы Ұлан Ануар.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары