Ақмарал Науатбек пара дзюдодан әлем чемпионатында топ жарды

Ақмарал Науатбек пара дзюдодан әлем чемпионатында топ жарды

Бүгін әлем чемпионатында пара дзюдошы Ақмарал Науатбек 48 кг салмақта өнер көрсетіп, жеңіске жетті.  Ақмарал финалда паралимпиада ойындарының 2 дүркін жүлдегері франциялық Ауриерес Мартинет Сандринмен кездесіп, айқын басымдылықпен жеңіс тұғырынан көрінді. Пара дзюдодан әлем чемпионаты Бакуде  8-11 қараша аралығында өтуде. Жарыста 41 мемлекеттен 270 спортшы сынға түседі.  Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасынан 18 спортшы ел намысын қорғайды. Айта кетсек, тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет пара дзюдодан әлем чемпионатында алтын медальді 2018 жылы 60 кг салмақта Олжас Оразалыұлы еншілеген болатын.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары