Ақтада сурдо дзюдодан Қазақстан кубогы  аяқталды

Ақтада сурдо дзюдодан Қазақстан кубогы аяқталды

26-28 мамыр аралығында Ақтау қаласында есту қабілеті зақымданған  спортшылар арасында сурдо дзюдодан Қазақстан кубогы өтті. Жарысқа еліміздің 14 өңірінен 80-ге жуық татами шебері қатысып,  14 салмақ дәрежесі бойынша ( ерлер - 7, әйелдер - 7) бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте  бірінші орынды Жамбыл облысы (2 алтын, 2 күміс), екінші орынды Алматы облысы (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) , ал үшінші орынды  Абай облысы (2 алтын, 3 қола) иеленді. Турнир нәтижесі бойынша  үздік көрсеткішке қол жеткізген спортшылар ұлттық құрама сапына іріктеледі. Аталмыш жарыс 15-26 қараша аралығында өтетін  жазғы Сурдлимпиада ойындарына дайындықтың маңызды кезеңі болды. Маусым айында ұлттық құраманың спортшылары Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары