Астанада есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо кёрлингтен ел чемпионаты аяқталды. Жарысқа Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларының ерлер және әйелдер құрамалары қатысты. Жарыс нәтижелері: Ерлер арасындағы керлингтен: Алматы облысы – 1 орын Жетісу облысы – 2 орын Астана қаласы – 3 орын Әйелдер арасындағы керлингтен : Алматы облысы – 1 орын Жетісу облысы – 2 орын Астана қаласы – 3 орын Аралас командалық керлингтен: Астана қаласы – 1 орын Алматы облысы – 2 орын Жетісу облысы – 3 орын Аралас жұптық керлингтен: Жетісу облысы – 1 орын Алматы облысы – 2 орын Шығыс Қазақстан облысы – 3 орын Айта кетейік, есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында кёрлингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты 17–26 ақпан аралығында өтті. 

