Бүгін Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында тірек-қимыл аппараты, көру және есту қабілеті зақымданған, зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Кирилл Владимирович Загороднийді еске алуға арналған пара жүзуден республикалық ашық турнир өтті.
«Аталмыш турнир алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс 50 м еркін жүзу, 50 м брасс, 50 м баттерфляй, 50 м шалқалап жүзу және эстафета қашықтықтары бойынша өтті. Мұндай жарыстар жас спортшыларға жаңа тәжірибе жинақтап, өзіне деген сенімдігін арттыруға үлкен мүмкіндік береді. Алдағы уақытта турнир дәстүрлі түрде жалғасады деп сенемін», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Эллина Байдельдинова.
Айта кетейік, сайысқа Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Астана қаласынан 90-ға жуық спортшы қатысты. 