Оңтүстік Кореяның Хангвон қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара оқ атудан әлем чемпионатында қазақстандқы Александр Пасхалиди P1 – 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату, SH1 класс финалында 215,3 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды. Бірінші орынды Оңтүстік Кореяның спортшысы Чо Чонгду (244,4 ұпай), ал екінші орынды ҚХР спортшысы Хуан Син (237,0 ұпай) алды.
Бұған дейін осы чемпионаттың командалық жарысында Еркін Ғаббасов, Арсен Мұратов және Ардақ Оторбаева R1 дисциплинасында 10 м пневматикалық винтовкадан сынға түсіп, 1854,4 ұпай жинап, жарыстың қола жүлдегерлері атанды.
Айта кетейік, пара оқ атудан Әлем чемпионаты 10-15 қыркүйек аралығында өтуде. Аталмыш бәсекеге 53 елден 350-ге жуық спортшы қатысады.