Қазақстандық пара спортшы Евгений Быковский арбадағы теннистен халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық пара спортшы Евгений Быковский арбадағы теннистен халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды

Арбадағы теннистен Plock Open халықаралық турнирінде  қазақстандық пара спортшы Евгений Быковский мен словакиялық Томаш Масарикпен бірге жұптық сында Фатих Каратас (Түркия) пен Тихиро Ёсикаваны (Жапония) 2:0 (6:1, 6:4) есебімен жеңіп, жарыс жеңімпаздары атанды.


Қазақстандық пара спортшы Евгений Быковский арбадағы теннистен халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды

        «Бұл жарыста Қазақстан командасының спортшылары open және quad кластарында өнер көрсетті. Quad класында тірек-қимыл аппаратының зақымдану деңгейі ең төменгі талаптарға сәйкес келетін спортшылар қатысады. Ал Open класында аяқтарының қозғалысы айтарлықтай шектелген, сондай-ақ жоғарғы денесінде қосымша шектеулерлері бар спортшылар қатысады. Plock Open жарысында open класында ел намысын  Айжан Бутимбаева, Ердаулет Кадымбергенов, Жанат Умуткулова , Нұрсұлтан Ниязкулов және  quad  класында Евгений Быковский қорғады. Алдағы уақытта Евгений Быковский, Айжан Бутимбаева және Ердаулет Кадымбергенов 18-24 қазан аралығында Жапонияда өтетін V Азия Пара ойындарында бақ сынайды. Биыл бұл додаға спортшыларымыз алғаш рет қатысқалы отыр.Аталмыш  бәсекеде командамыз жақсы нәтиже көрсетеді деген үміттеміз»,-деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының арбадағы теннистен команда басшысы Жандос Гизат.

          Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында арбадағы теннистен Plock Open халықаралық жарысы Польшаның Плоцк қаласында 10-17 қыркүйек аралығында өтті. Турнирге Қазақстан, Франция, Германия, Эстония, Польша, Япония, Ұлыбритания, Словакия, Латвия, Турция, Болгария мен Чехия  командалары қатысты.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары