Қазақстандық пара спортшылар садақ атудан әлемдік серияда екі  медаль жеңіп алды

Қазақстандық пара спортшылар садақ атудан әлемдік серияда екі медаль жеңіп алды

Үндістанның Ахмедабад қаласында пара садақ атудан әлемдік серия жарысында Қазақстан командасы 1 алтын және 1 күміс медаль еншіледі.

Командалық сында 50 м компаунд дисциплинасында Айзада Сейдан мен

Жанат Айтимова 141 ұпай жинап, жарыстың жеңімпаздары атанды.

Оған қоса, жекелей бәсекеде 50 м компаунд дисциплинасында Айзада Сейдан 144 ұпай санымен пара садақ атудан әлемдік серияның күміс жүлдегері атанды. Бірінші және үшінші орынды үндістандық Дэви Шитал (144 ұпай) мен Сарита (141 ұпай) алды.

Айта кетейік, пара садақ атудан әлемдік серия жарысы 5-9 қыркүйек аралығында өтті. Жарысқа 19 елден 100-ден аса спортшы қатысты.

Қазақстандық пара спортшылар садақ атудан әлемдік серияда екі  медаль жеңіп алды Қазақстандық пара спортшылар садақ атудан әлемдік серияда екі  медаль жеңіп алды Қазақстандық пара спортшылар садақ атудан әлемдік серияда екі  медаль жеңіп алды

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары