Қазақстандық спортшылар пара садақ атудан әлемдік серияның жеңімпаздары атанды

Қазақстандық спортшылар пара садақ атудан әлемдік серияның жеңімпаздары атанды

Үндістанның Ахмедабад қаласында пара садақ атудан әлемдік серия жарысында командалық сында 50м компаунд дисциплинасында Айзада Сейдан мен Жанат Айтимова 141 ұпай жинап, жарыстың жеңімпаздары атанды. Екінші орынды 140 ұпаймен Ұлыбританияның спортшылары Пэтерсон Пайн Фиби мен Стреттон Джессика, ал үшінші орынды Қытай құрамасының спортшылары Гао Фанся мен Ван Хуэйтин алды (140 ұпай).

«Бұл — спортшыларымыздың халықаралық аренадағы алғашқы алтын медалі. Бұған дейін пара садақ атудан  Hyundai World Archery Para Series әлемдік сериясының екінші кезеңіндегі командалық жарыста Айзада Сейдан мен Жанат Айтимова күміс жүлдеге ие болған еді. Алдағы уақытта спортшыларымыз пара садақ атудан Қазақстан командасының сапында 18-24 қазан аралығында Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтетін V Азия Пара ойындарына қатысады. Аталған додада спортшыларымыз жоғары нәтижеге қол жеткізеді деген үміттеміз»,- деді жаттықтырушы Фуркат Гульматов.

Айта кетейік, бүгін, 9 қыркүйекте, Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де 50 м компаунд садақ атудан жекелей сында қазақстандық Айзада Сейдан үндістандық Дэви Шиталмен алтын медаль үшін финалда бақ сынайды.

Тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында пара садақ атудан әлемдік серия жарысы 5-9 қыркүйек аралығында өтуде. Жарысқа 19 елден 100-ден аса спортшы қатысты.

Қазақстандық спортшылар пара садақ атудан әлемдік серияның жеңімпаздары атанды Қазақстандық спортшылар пара садақ атудан әлемдік серияның жеңімпаздары атанды

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары