Cемейде сурдо дзюдодан ел біріншілігі басталды

Cемейде сурдо дзюдодан ел біріншілігі басталды

Бүгін, 21 ақпанда  Семей қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы № 1 облыстық олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасы чемпионатының  ашылу салтанаты өтті. Жарысқа еліміздің 17 өңірінен 130-ға жуық спортшы қатысады. Чемпионаттың  қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар ұлттық құрама қатарына іріктелетін болады.«Сурдо дзюдо елімізде қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 200-ден астам  спортшы сурдо дзюдомен айналысады, олардың 100-ден астамы ұлттық құрама қатарына кіріп, ел намысын халықаралық ареналарда  қорғайды. Алдағы уақытта  спортшыларымызды ірі жарыс күтіп тұр. Биыл 15-26 қараша аралығында Токиода төрт жылдық циклдың басты додасы  Сурдлимпиада ойындары өтеді. Аталмыш додада спортшыларымыз абыроймен өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деген үміттеміз»,- деді  Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалараға арналған спорттық даярлау орталығының  спорт бөлімінің басшысы Қайрат Сейтбеков. Айта кетейік, жарыс 23 ақпанға дейін жалғасады. фото:Маргарита Бутина 

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары