ДОЙБЫДАН ӘЛЕМ ЧЕМПТОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМАНДА ҮЗДІК ҮШТІКТЕН КӨРІНДІ

ДОЙБЫДАН ӘЛЕМ ЧЕМПТОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМАНДА ҮЗДІК ҮШТІКТЕН КӨРІНДІ

Түркияның Анталья қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру мен есту қабілеті төмен спортшылар арасында  «Дойбы -100»-ден  әлем чемпионаты өз мәресіне жетіп, қортындылары белгілі болды. Қазақстан командасы сапындағы  дойбышылар Бота Исаев, Әлия Мұратова және Алим Мендібаев есту қабілеті төмен спортшылар арасында командалық бәскеде  3-орынға ие болды. Сондай-ақ чемпионатқа Ермекқали Уразалиев, спорт шебері Айжан Ахмолданова және еңбек сіңірген спорт шебері – Максим Рожков қатысты. Айта кетсек, әлемдік дүбірлі додада Қазақстан, Түркия, Ресей, Германия, Украина, Польша, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінен жиналған  60-тан астам спортшы бақ сынасты.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары