Дубай қаласында жеңіл атлетикадан (пара) өткен  біліктілік жарыстарының қорытындылары

Дубай қаласында жеңіл атлетикадан (пара) өткен біліктілік жарыстарының қорытындылары

Дубай қаласында (БАӘ) жеңіл атлетикадан Гран При сериясының 11 FAZZA халықаралық біліктілік жарыстары аяқталды. Салимов Ислам ұзындықа секіруден өте мықты спортшылардың ішінде 1-орынға қол жеткізіп, 6,48 м. нәтижесімен Қазақстан қоржынына алтын медаль әкелді. Зелезняк Иван ядро итеруден қола медальды иеленді (11,25 м). Елібаев Бағдат - 800 метрге жүгіру (2:40,28 мин) және 400 метрге жүгіру (1:06,72 мин) салаларында 3-ші орындарға қол жеткізді. Харламов Сергей ұзындыққа секіруден үшінші орынға ие болды (4,32м). Тайжанова Айнұр диск лақтырудан 2-орынды иеленді (17,57м). Жарыстарға 43 елден спортшылар қатысты. Қазақстан құрамасы 6 медальды жеңіп алды (1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль). [gallery columns="2" link="file" size="medium" ids="4016,4015,4014,4017"]

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары