Елордада пара дзюдодан әлемдік Гран-при сериялары өз мәресіне жетті

Елордада пара дзюдодан әлемдік Гран-при сериялары өз мәресіне жетті

Нұр-Сұлтан қаласында  пара дзюдодан Гран-при жарыстары өтті. Турнирге 22 елден 201 спортшы екі категория бойынша қатысты - J1 және J2. Біріншісі зағип спортшылар болса, екіншісі көру қабілеті төмен спортшылар. Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды: 1 «алтын», 2 «күміс» және 3 «қола». 1 орны - Ақмарал Науатбек (J2 - 48 келі); 2 орын - Шәмей Ерғали (J1 - 73 келі); 2 орын - Оразалы Олжас (J2 - 73 келі); 3 орын - Федосова Даяна (J2 - 57 келі); 3 орын - Аманжол Жанбота (J2 - 90 келі); 3 орын - Арыстанбеков Бауыржан (J1 - 90 келі). Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы Бразилия, Түркия және Иран елдерінен кейін 4-орынға тұрақтады. Жарыс басты серіктес «SportQory» қолдауымен өтті.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары