Ербол Хамитов әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Ербол Хамитов әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Германияның Финстерау   қаласында тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында пара шаңғы жарысынан өткен әлем кубогында  Ербол Хамитов LW12 классында 900 м спринттік жарыста 02:56.13  уақыт нәтижесімен мәре сызығын екінші  болып кесті. Дәл осы дисциплинада бразилиялық Рибера Кристиан (02:55.74) чемпион атанса, қытайлық Мао Чжуну (02:58.73) қола медальға қол жеткізді. Айта кетсек, пара шаңғы жарысынан әлем кубогы 14-18 қаңтар аралығында өтіп, жарысқа 25 елден 200 спортшы қатысты. Аталмыш бәсеке 6-15 наурыз аралығында Милан-Кортинада өтетін Қысқы Паралимпиада ойындарына рейтингтік  жарыс болып табылады.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары