Пара биатлоннан өткен Әлем кубогында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов 12,5 км қашықтықты 38 минут 21 секундта бағындырып, қола жүлдеге ие болды. Осы дистанцияда бірінші орынды украиндық спортшы Тарас Рад (37:08), ал екінші орынды АҚШ спортшысы Пайк Аарон (38:16) алды.
Айта кетейік, пара биатлонан әлем кубогы Польшадағы Якушице қаласында 22-25 қаңтар аралығында өтті. Жарысқа Қазақстан, Канада,Ұлыбритания, Бразилия, Испания, АҚШ, Украина және Италия елдерінің үздік спортшылары қатысты. Аталмыш бәсеке 6-15 наурыз аралығында өтетін XIV қысқы Паралимпиада ойындарына рейтингтік жарыстардың бірі болып табылады. Бұдан кейін, ұлттық құрама 28 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Якушицеде пара шаңғы жарысынан өтетін Әлем кубогында бақ сынайды.