Ербол Хамитов - Милан-Кортина Паралимпиадасының жеңімпазы!

Ербол Хамитов - Милан-Кортина Паралимпиадасының жеңімпазы!

Бүгін Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындарында Ербол Хамитов пара биатлоннан 4,5 км із қуу дисциплинасын 9 минут 39 секунд уақыт көрсеткішімен бағындырып, жарыстың жеңімпазы атанды. Осы дистанцияда екінші орынды украиндық Тарас Рад (10:00.5), ал қытайлық Лю Мэнтао(10:11.5) үшінші орынды алды. Бұған дейін қазақстандық Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 м қашықтықтағы классикалық спринте қола медаль еншілеп, Милан–Кортина Паралимпиада ойындарының алғашқы жүлдесін жеңіп алған болатын. Осы дисциплинаның финалдық кезеңінде өнер көрсеткен Юрий Березин жиырма үшінші , ал Сергей Усольцев жиырма үшінші орынға табан тіреді. Аталмыш дистанцияда тұрып жарысатын спортшылар тобында Александр Герлиц те финалдық бәсекеде сынға түседі. Тікелей эфир Астана уақыты бойынша сағат 17:25-те көрсетіледі.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары