Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем Кубогында қола жүлдегер атанды

Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем Кубогында қола жүлдегер атанды

Финляндияда пара биатлоннан өтіп жатқан Әлем Кубогының кезенінде қазақстандық пара спортшы Ербол Хамитов (LW12) 7,5 км спринттік жарыста 23:26.00 уақыт нәтижесімен қола жүлдегер атанды. Мәреге бірінші болып Қытай спортышысы LIU Zixu  22:38.05 секунд нәтижесімен келсе, оның отандасы  LIU Mengtao  22:58.07 уақтымен екінші болып келді.   Сонымен қатар, Әлем Кубогында қазақстандық Александр Герлиц (LW6) 7.5 км қашықтықтағы жарыста 4-ші орыннан көрінді.   Айта кетсек,  пара биатлоннан Әлем Кубогының кезеңі  12-21 желтоқсанда Финляндияның Вуокатти туристік спорттық аймағында өтеді. Жарысқа 21 мемлекеттен 120-дан астам спортшы қатысады. Ел құрмасы сапында  7 спортшы өнер көрсетеді.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары