Италияда өтіп жатқан XIV қысқы Паралимпиада ойындарында Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан LW12 классында 1500 м қашықтықтағы классикалық спринт дисциплинасын 2 минут 14 секундта бағындырып, мәре сызығына алтыншы болып жетіп, жартылай финалға өтті.Осы топта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Юрий Березин отыз бірінші орынмен жарысты аяқтады.Жартылай финал Астана уақытымен сағат 16:26-да басталады. Трансляция Qazsport телеарнасында көрсетіледі.