Ербол Хамитов пен Александр Герлиц әлем кубогының  күміс жүлдегерлері атанды

Ербол Хамитов пен Александр Герлиц әлем кубогының  күміс жүлдегерлері атанды

Пара шаңғыдан әлем кубогында 10 км қашықтықта LW6 классында өнер көрсеткен Александр Герлиц 28:46,5 уақыт нәтижесімен күміс жүлдегер атанды. Бірінші орынды қытайлық Хуан Линсинь (29:14,2), ал үшінші орынды украиндық  Драхун Серафим (28:32,6) алды. Дәл осы дистанцияны LW12 классында Ербол Хамитов 27:30,3 уақытта бағындырып, күміс медальға ие болды. Бразилиялық Вестемайер Рибера Кристиан (28:07,6) әлем кубогының жеңімпазы атанса, американдық  Кноссен Даниэль  (28:00,2) қола жүлдеге қол жеткізді. Аталмыш турнирге әлемнің 18 елінен 70-ке жуық спортшы сынға түсті. Айта кетейік, жарыс 2 наурызға дейін жалғасады.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары