Бішкекте есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында еркін күрестен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс ересектер, жастар және кадеттер арасында өтті. Байрақты бәсекеде қазақстандық палуандар 6 «алтын», 10 «күміс» және 4 «қола» медельді жеңіп алды. Ересектер арасында қазақстандық палуандар 1 «алтын», 4 «күміс» және 2 «қола» медальді еншілеп, командалық есепте 3-ші орыннан көрінді: 1 орын - Пернеш Шадияр (70 кг); 2 орын - Бөкеев Нұрмахан (57 кг); 2 орын - Жақсылық Досымжан (65 кг); 2 орын - Әлдібаев Шыңғысхан (86 кг); 2 орын - Шонку Хайратхаан (125 кг); 3 орын - Тұрғынбай Ғасыр (74 кг); 3 орын - Рсалы Сабыржан (79 кг). Жастар арасында палуандарымыз 1 «алтын», 4 «күміс» және 2 «қола» медальға ие болып, командалық есепте 1-ші орынды еншіледі: 1 орын - Самарин Андей (65 кг); 2 орын - Молдағали Нұрхан (57 кг); 2 орын - Уразбаев Камиль (70 кг); 2 орын - Әзи Рамазан (86 кг); 2 орын - Жангабулов Искандер (74 кг); 3 орын - Амангелді Райымбек (79 кг); 3 орын - Бородин Константин (97 кг). Кадеттер арасында Қазақстан құрмасы 4 «алтын» және 2 «күміс» медаль еншілеп, командалық есепте 1-ші орынға ие болды: 1 орын - Аскар Дарын (48 кг); 1 орын - Камиден Рустем (51 кг); 1 орын - Салкинбек Эльдар (55 кг); 1 орын - Мырзахмет Нышанбек (60 кг); 2 орын - Шолпанбай Дулат (65 кг); 2 орын - Жылқышыбай Айқын (71 кг). Айта кетсек, Бішкекте есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында еркін күрестен әлем чемпионаты 7-11 қыркүйек аралығында өтті. Жарысқа 16 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысты.
