2019 жылғы 7-20 сәуір аралығында Шымкент қаласында есту қабілеті нашар спортшылар арасында еркін күрестен және грек-рим күресінен оқу-жаттығу жиындары өтті. Оқу-жаттығу жиынын өткізудің мақсаты – арнайы дене даярлығы, техникалық және психологиялық дайындық деңгейін арттыру, тәжірибе жинау және жарыстарда өнер көрсету тұрақтылығына қол жеткізу, сондай-ақ спорттық ынтаны қалыптастыру болып табылады. Жарыстарда еліміздің әртүрлі өңірлерінен 64 спортшы қатысты, соның ішінде біздің Орталықтың спортшылары – Жамбыл Әділет және Аңсабек Рауан. [gallery link="file" ids="4088,4089,4090,4091,4092"]