Өскемен қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды, ШҚО, Алматы және Түркістан облыстарынан 100-ге жуық спортшы қатысуда. Биылғы чемпионат Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы аясында өткізіліп жатыр. Жарыстың қортындысы 10 маусымда белгілі болады. Жарыс басты серіктес «SportQory» қолдауымен өтеді.
