Есту қабілеті төмен жастар арасында грек-рим және еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өтті

Есту қабілеті төмен жастар арасында грек-рим және еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өтті

Қостанай қаласында 1-5 тамыз аралығында 23 жасқа дейінгі есту қабілеті төмен жастар арасында грек-рим және еркін күрестен Қазақстан Республикасның чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 80 спортшы қатысты.   Грек-рим күресінен командалық есептің қортындысы бойынша: 1 орын – Жетісу  облысы (3 алтын, 1 күміс, 3 қола); 2 орын – Жамбыл  облысы (3 алтын, 1 күміс, 1 қола); 3 орын – Шымкент қаласы (1 алтын, 1 күміс, 2 қола).   Еркін күрестен командалық есептің қортындысы бойынша: 1 орын – Жамбыл облысы (4 алтын, 3 қола); 2 орын – Жетісу облысы (2 алтын, 1 күміс, 4 қола); 3 орын – Ақтобе облысы (1 алтын, 2 күміс).   Айта кетсек, қыркүйектің 5-10 аралығында Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының III Спаракиадасы өтеді. Жарысқа еліміздің 17 өңірінен 1000-ға жуық спортшы қатысады.  

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары