Есту қабілеті зақымданған Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

Есту қабілеті зақымданған Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

14-24 қыркүйек аралығында Варшава қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арысында шахматтан әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 22 мемлекеттен 152 спортшы қатысып, бақ сынады.  Чемпионатта Қазақстан спортшылары 3 медальға қол жеткізді. Блиц турнирде қазақстандық Виктор Максимиенко екінші орынға ие болса, жастар арасында өнер көрсеткен Сұлтан Қожахметов үздік үштіктің қатарынан көрінді. Командалық жарыста Сұлтан Қожахметов пен Дінмұхаммед Оралбаев үшінші орынға қол жеткізді. Айта кетсек, чемпионатқа елімізден 17 спортшы қатысты.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары