Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында дойбыдан Қазақстан чемпионаты өтті

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында дойбыдан Қазақстан чемпионаты өтті

Түркістан қаласында 5-13 сәуір аралығында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында дойбы 64-тен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.  Жарысқа еліміздің 9 өңірінен 55 спортшы қатысты. Чемпионат классика мен блиц дисциплиналары бойынша ересектер және жастар арасында өтті.   Жарыс жеңімпаздары келесідей анықталды:   Ерлер арасындағы классикада: 1 орын – Турманов Берік; 2 орын – Мендибаев Алим; 3 орын – Жукушев Бакытжан. Әйелдер арасындағы классикада: 1 орын – Смагло Явгарь; 2 орын – Джумагазиева Балжан; 3 орын – Сагиева Арайлым. Жастар арасында классикада (ерлер): 1 орын – Дияров Аманбек; 2 орын – Ази Рамазан; 3 орын – Жардемгали Ермукан. Жастар арасында классикада (қыздар); 1 орын – Аманжолова Аяулым; 2 орын – Мыктыбай Зарина; 3 орын – Даулетбаева Махрибан. Ерлер арасындағы блицте: 1 орын – Жукушев Бакытжан; 2 орын – Турманов Берік; 3 орын – Мендибаев Алим. Әйелдер арасындағы блицте: 1 орын – Валеева Кенжегүл; 2 орын – Джумагазиева Балжан; 3 орын – Кабылова Гайнгуль.   Жастар арасындағы блицте (ерлер): 1 орын – Дияров Аманбек; 2 орын – Сембаев Куаныш; 3 орын – Ази Рамазан.   Жастар арасындағы блицте (қыздар): 1 орын – Чурилинна Ангелина 2 орын – Аманжолова Аяулым; 3 орын – Даулетбаева Мехрибан.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары