Ақтөбе қаласында 18-20 қаңтар аралығында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 11 өңірінен 80-ге жуық спортшы қатысты. Жалпы командалық есепте: 1 орын - Жамбыл облысы; 2 орын - Алматы қаласы; 3 орын - Абай облысы.
