Ақтөбеде 2-6 маусым аралығында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа Астана, Алматы қалалары, Қостанай, Жамбыл және Ақтөбе облыстарына 50-ге жуық спортшы қатысты. Спортшылар жекелей, жұптық, аралас жұптық разрядтарында өнер көрсетті. Жалпы командалық есепте: 1 орын – Қостанай облысы; 2 орын – Астана қаласы; 3 орын – Алматы қаласы.
