Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы III Республикалық Спартакиаданың алғышқы қортындылары

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы III Республикалық Спартакиаданың алғышқы қортындылары

6 қыркүйек, Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының III Спартакиадасы басталды. Жарыстың алғашқы күнінде таеквондо, дзюдо, еркін күрес және қол күресі спорт түрлерінің жеңімпаздары анықталды. Таеквондодан жалпы командалық есепте: 1 орын – Павлодар облысы (4 алтын, 6 күміс); 2 орын – Жамбыл облысы (4 алтын, 1 күміс); 3 орын – Қарағанды облысы (3 алтын). Дзюдодан жалпы командалық есепте: 1 орын – Алматы қаласы (5 алтын); 2 орын – Жамбыл облысы (2 алтын, 2 күміс, 3 қола); 3 орын – Шымкент қаласы (2 алтын, 1 күміс, 4 қола).   Еркін күрестен жалпы командалық есепте: 1 орын – Жамбыл облысы (3алтын, 2 күміс, 2 қола); 2 орын – Алматы қаласы (2 алтын, 2 күміс, 1 қола); 3 орын – Ақтөбе облысы (2 алтын, 1 қола). Қол күрестен жалпы командалық есепте: 1 орын – Шығыс Қазақстан облысы (5 алтын, 1 қола); 2 орын – Ақмола облысы (2 алтын, 2 күміс, 1 қола); 3 орын – Нұр-Cұлтан (1 алтын, 2 күміс). Еске сала кетсек, Спартакиада спорттың 11 түрінен өтеді. Жарысқа  еліміздің 18 өңірінен 800-ден астам спортшы қатысуда.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары