Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының III Спартакиадасы өтуде. Жарыстың екінші күнінде грек-рим күресінің жеңімпаздары анықталды. Командалық есепте: 1 орын – Жамбыл облысы (4 алтын, 2 қола); 2 орын – Алматы қаласы (2 алтын, 2 күміс, 3 қола); 3 орын – Ақтөбе облысы (1 алтын, 2 күміс, 1 қола).
Жарыста жеңіл атлетика, футзал, бадминтон, үстел теннисі, жүзу және дойбы спорт түрлерінен бәсекелер жалғасуда. Еске сала кетсек, Спартакиада спорттың 11 түрінен өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің 18 өңірінен 800-ден астам спортшы қатысуда.