Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының III Спартакиадасы өтуде. Жарыстың төртінші күнінде футзал, үстел теннисі және жеңіл дойбы спорт түрлерінің жеңімпаздары анықталды. Ерлер арасындағы футзалдан командалық есепте: 1 орын – Қарағанды облысы; 2 орын – СҚО; 3 орын – Алматы қаласы. Әйелдер арасындағы футзалдан командалық есепте: 1 орын – Алматы қаласы; 2 орын – Шымкент қаласы; 3 орын – Алматы облысы. Үстел теннисінен командалық есепте: 1 орын – Алматы қаласы (4 алтын, 1 күміс, 3 қола); 2 орын – Қостанай облысы (3 алтын, 5 күміс, 1 қола); 3 орын – СҚО (1 күміс).
Дойбыдан командалық есепте: 1 орын – Қостанай облысы (3 алтын, 1 күміс); 2 орын – Шымкент қаласы (2 алтын); 3 орын – Нұр-Cұлтан қаласы (1 алтын, 3 күміс).
Еске сала кетсек, Спартакиада ойындары спорттың 11 түрінен өтті. Жарысқа еліміздің 18 өңірінен 800-ден астам спортшы қатысты.