Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының III Спартакиадасы өтуде. Жарыстың үшінші күнінде бадминтон, жүзу және жеңіл атлетика спорт түрлерінің жеңімпаздары анықталды. Бадминтоннан командалық есепте: 1 орын – Алматы қаласы (3 алтын, 2 күміс, 1 қола); 2 орын – Алматы облысы (2 алтын, 3 күміс, 3 қола); 3 орын – Батыс Қазақстан облысы (2 қола).
Жүзуден командалық есепте: 1 орын – Нұр-Cұлтан қаласы (13 алтын, 10 күміс, 4 қола); 2 орын – Қарағанды облысы (6 алтын, 12 күміс, 8 қола); 3 орын – Жамбыл облысы (5 алтын, 1 күміс).
Жеңіл атлетикадан командалық есепте: 1 орын – Солтүстік Қазақстан облысы (6 алтын, 9 күміс, 3 қола); 2 орын – Алматы қаласы (6 алтын, 3 күміс, 3 қола); 3 орын – Ақмола облысы (5 алтын, 3 күміс, 3 қола).
Жарыста футзал, үстел теннисі және дойбы спорт түрлерінен бәсекелер жалғасуда. Еске сала кетсек, Спартакиада ойындары спорттың 11 түрінен өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің 18 өңірінен 800-ден астам спортшы қатысуда.
