Футзалдан ұлттық құрама спортшыларымен достық кездесу өтті

Футзалдан ұлттық құрама спортшыларымен достық кездесу өтті

Астанада 8 қараша күні есту қабілеті зақымданған футболшылар мен спорт саласындағы мекеме қызметкерлері арасында достық кездесу матчы өтті. Кездесудің басты мақсаты - биыл есту қабілеті зақымданған спортшылар  арасында футзалдан өтетін әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама команда ойыншыларын қолдау болып табылады. Аталмыш достық кездесуге Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Махамбетов Мейрамбек Жанболатұлы қатыстып, спортшыларға алдағы әлем чемпионатында сәттілік тіледі. Айта кетсек, есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында футзалдан әлем чемпионаты биыл 6-16 желтоқсан аралығында Куала-Лумпур қаласында (Малайзия) өтеді.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары