Голболдан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Голболдан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Нұр-Сұлтан қаласында тамыздың 11-14 аралығында голболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа Жамбыл, Атырау, Түркістан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстары және Алматы мен Шымкент қалаларының командалары қатысты. Чемпионат қортындысы бойынша: 1 орын – Жамбыл облысы (27 ұпай); 2 орын – Алматы облысы (24 ұпай); 3 орын – Атырау облысы (21 ұпай). «Биыл голболдан Қазақстан чемпионаты 2 кезеңде өткізілді. Бірінші кезең  маусым айында Алматы қаласында, шешуші екінші кезең Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Ел чемпионатында үздік өнер көрсеткен спортшылар алдағы уақытта ұлттық құрама сапына іріктелетін болады», - деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының голболдан команда басшысы Азат Кудасов.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары