Грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық палуандар жеңіске жетті

Грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық палуандар жеңіске жетті

Есту қабілеті зақымданған спортышлар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық палуандар 1 «алтын» және 2 «қола» медельді жеңіп алды. Ал, жастар арасында ел спортшылары 2 «алтын», 2 «күміс» және 2 «қола» медальді еншілеп, командалық есепте 1 орынды иеленді. Ересектер арасында: 1 орын – Асан Нұржан (82 кг); 3 орын – Орманов Абылайхан (63 кг); 3 орын – Шонку Хайратхаан (130 кг). Жастар арасында: 1 орын - Самарин Андрей (67 кг); 1 орын - Әбдрәсіл Рамазан (97 кг); 2 орын - Бабашов Сұлтан (63 кг); 2 орын - Прогудин Денис (72 кг); 3 орын - Мырзаев Азамат (77 кг); 3 орын - Тілеумбет Мухаметали (82 кг) Еске сала кетсек, байрақты бәсекенің алғашқы күндері кадеттер арасында белдесулер өтіп, ел құрамасы 3 «алтын», 2 «күміс» және 1 «қола» медальмен командалық есепте 1-ші орынды иеленген болатын. Бішкекте есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты 2-6 қыркүйек аралығында өтті. Жарысқа 16 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысты. 7-11 қыркүйек аралығында спортшылар еркін күрестен өнер көрсетеді.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары