Пара дзюдодан 23-24 қараша күндері елорда төріндегі Beeline Arena спорт сарайында Grand Prix жарысы өтеді.Турнир барысында 10 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Басты 2 ерекшелік - жаңа Олимпиада циклінде салмақтар ауысады. 📍Ерлер 70, 81, 95, +95 келіде белдесетін болса, әйелдер 52, 60, 70, +70 келіде жүлдеге таласады. Сондай-ақ, Халықаралық дзюдо федерациясы тәжірибе ретінде Олимпиада салмағына кірмейтін 2 салмақта (ерлер - 64 келі, әйелдер - 46 келі) жүлде үлестіреді.