Индонезияда жазғы Паралимпиадалық ойындар өтеді

Индонезияда жазғы Паралимпиадалық ойындар өтеді

6-13  қазан аралығында Джакарта қаласында (Индонезия) III жазғы Азиялық Паралимпиадалық ойындар өтеді. 2018 жылғы 6-13 қазан аралығында Қазақстанның Паралимпиадалық құрамасы Индонезияның Джакарта қаласында өтетін жазғы Азиялық Паралимпиадалық ойындарына қатысады. Азиялық Паралимпиадалық ойындарға Қазақстаннан 9 спорт түрінен 91 спортшы қатысады. Жазғы Азиялық Паралимпиадалық ойындар — спортшыларға Токио-2020 Паралимпиадалық ойындарында біліктілік нормативтерін орындауға мүмкіндік береді. Өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 7 алтын медаль жеңіп алды. Өткен Азия ойындарымен салыстырғанда, осы жолы нәтижелерді жақсарту үшін барынша күш жұмсалатын болады (өткен Азиялық Пара ойындарда Қазақстан жалпы командалық 11 орынды иеленді) – 24 медаль.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары