ITTF World Para Challenger Astana 2025: пара үстел теннисінен қазақстандық спортшылар 16 медаль жеңіп алды

ITTF World Para Challenger Astana 2025: пара үстел теннисінен қазақстандық спортшылар 16 медаль жеңіп алды

Пара үстел теннисінен 30 шілде - 3 тамыз күндері аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен ITTF World Para Challenger Astana 2025 турнирі мәресіне жетті.   Қазақстандық спортшылар жекелей разрядта 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Ал жұптық және аралас жұптық разрядта 2 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль иеленді.   Жекелей разрядта:   Талғат Эрекеев – қола медаль (9-класс); Марат Суртубаев – қола медаль(9-класс); Аружан Гиниятова– қола медаль (7-класс); Алтынай Ержанқызы – қола медаль (9-класс); Галия Беспалая– күміс медаль (2-класс). Жұптық және аралас разрядтар бойынша: Ерлан Казиев – күміс медаль (жұптық, MD8 класс); Кенгес Кониев – қола медаль (жұптық, MD8 класс); Али Махулбеков – алтын медаль (жұптық, MD14 класс); Ержан Жаканов пен Асхат Тажмиев –қола медаль (жұптық сын, MD18 класс); Александра Степанова – қола медаль (жұптық, WD5-10 класс); Алтынай Ержанқызы – күміс медаль (жұптық , WD14-20 класс); Алена Кутявина – алтын медаль (аралас жұп, XD4 класс); Мади Имаков пен Галия Беспалая – күміс медаль (аралас жұп, XD4 класс); Али Махулбеков пен Айгүл Насихатова –қола медаль (аралас жұп, XD14 класс); Маханбет Насихан мен Раушан Орынбаева – қола медаль (аралас жұп, XD17 класс); Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы – күміс медаль (аралас жұп, XD20 класс).   Айта кетсек, халықаралық жарысқа 14 елден 140-қа жуық спортшы қатысты. Қазақстан тарапынан 39 спортшы өнер көрсетті.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары