Қазақстандық пара спортшылар Португалияда өтіп жатқан дүниежүзілік IWAS ойындарының алғашқы күнінде 4 «алтын», 3 «күміс» және 8 «қола» медальді жеңіп алды. Пара жүзуден: Диас Кенжебек – 1 орын (100 м шалқалап жүзу), 3 орын (100 м еркін жүзу); Наталья Звягинцева – 1 орын (100 м еркін жүзу), 2 орын (100 м шалқалап жүзу); Зульфия Габидуллина – 2 орын (100 м шалқалап жүзу); Шахан Жулдасбаев – 3 орын (100 м еркін жүзу); Алина Дубинина - 3 орын (100 м еркін жүзу). Пара пауэрлифтингтен: Айгүл Байжанова – 1 орын (-86 кг дәрежесінде). Пара жеңіл атлетикадан: Дастан Мукашбеков – 1 орын (ядроны итеру); Салтанат Әбілқасымқызы – 2 орын (100 м жүгіру); Нұрлыбек Исатаев - 3 орын (ядроны итеру); Шахрух Санвар – 3 орын (100 м жүгіру); Нажимеден Толегенов - 3 орын (100 м жүгіру); Равиль Мансурбаев – 3 орын (ядроны итеру); Темірбек Тоғанбай - 3 орын (100 м жүгіру). Айта кетсек, дүниежүзілік IWAS ойындарына әлемнің 34 мемлекетінен 500-ден астам спортшы бақ сынайды. Жарыста Қазақстан құрамасында 27 спортшы өнер көрсетуде.
