Қазақстандық дзюдошылар командалық бәсекеде қола жүлдені жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошылар командалық бәсекеде қола жүлдені жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошылар  5-ші мамырда командалық кездесулерде екі қола жүлдені еншіледі. Ерлер арасындағы командалық кездесуде қазақстандық спортшылар Әлдібек Нұрмұхаммед пен Шаяхмет Қанапиянов 73 кг салмақта, Асхат Адамбаев пен Айдос Түгелбаев 90 кг салмақта, Ермек Жәнібекұлы мен  Сабыржан Хапизов +90 кг салмақта өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Әйелдер арасында командалық кездесуде ел намысын 57 кг салмақта Фериде Қара оглы   мен Дина Иржанова, 70 кг салмақта Эвелина Егембердиева мен Ләззат Бахтиярова, +70 кг салмақта Әсел Мақсұтова мен Анна Краморова  қорғады. Еліміздің қыздар командасы Түркия командасын жеңіп, қола жүлдеге ие болды. Еске сала кетсек, Бразилияның Кашиас-де-Сул қаласында 24-ші Сурдлимпиада ойындары өтіп жатыр. Аталмыш жарыста әлемнің 100 елінен келген 4 мыңнан астам спортшы қатысады. Ұлттық құраманың  басты серіктесі - «SportQory.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары