Көру қабілеті төмен спортшылар арасында дойбыдан Қазақстан чемпионатының қортындысы белгілі болды

Көру қабілеті төмен спортшылар арасында дойбыдан Қазақстан чемпионатының қортындысы белгілі болды

Тараз қаласында сәуірдің 7-14 аралығында көру қабілеті төмен спортшылар арасында «дойбы 64» -тен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 15 өңірінен 60-тан астам спотшы қатысып, бақ сынады. Чемпионат «Швейцариялық» жүйе бойынша ерлер мен әйелдер арасында өтті. Жарыс 7 ойын күннен тұратын 9 турдан болды. Жарыстың басты мақсаты – спорттық шеберлікті арттыру, мықты спортшыларды анықтау, ірі халықаралық жарыстарға қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасын іріктеу және жасақтау болып табылады. Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:  Көру қабілеті төмен спортшылар санатындағы ойындардың нәтижелері (B2 ерлер):

1 орын – Гайнулин Данил (Павлодар облысы); 2 орын – Белокрылов Николай (Алматы қаласы); 3 орын – Любимов Сергей (Қарағанды облысы).

  Зағип спортшылар санатындағы ойындардың нәтижелері (В1 ерлер):

1 орын – Болат Жанымхан (Алматы қаласы); 2 орын – Сабиев Жангабыл (Павлодар облысы); 3 орын – Курманбеков Марат (Алматы қаласы).

  Көру қабілеті төмен спортшылар санатындағы ойындардың нәтижелері (B2 әйелдер):

1 орын – Бейсембаева Сәуле (ШҚО); 2 орын – Ершова Софья (Қостанай облысы); 3 орын – Махамбетова Алма (Алматы облысы); 3 орын – Егембаев Еңлік (Жамбыл облысы).

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары